Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29

Өмірбаяны

27 июнь 2019, Четверг
7 695
0
Мұқанова Роза (1964 ж.) – жазушы, драматург. 
1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылында дүниеге келген. 
1987 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірді. Осы жылы Орталық мұражайдың әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеді. 
1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Аударма коллегиясында бас редактор болды. 
2007 жылы ҚР ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер, ҚР Парламенті Сенаты Хатшылығында бас талдаушы қызметін атқарды. 
Қазіргі кезде Өнер университетінде драматургиядан сабақ береді. 
«Жарық дүние» (1994), «Дүние кезек» (1997), «Құдірет-Кие» (2000) әңгімелер жинағы мен драмалық повестер авторы. 
2001 жылы Роза Мұқанова Рабғұзидың «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне аударды. 
1996 жылы М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрда «Мәңгілік бала бейне» атты пьесасы қойылды. 
1997 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында М. Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесінің ізімен драмалық қойылымы болды. 
2001 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз жылаған» әңгімесінің ізімен кинофильм түсірілді. 
Қазақстан жастар одағы, Қазақстан жазушылар одағы, «Жалын» журналының Т. Айбергенов атындағы сыйлығы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2002, «Құдірет-Кие»). «Мысықтар патшалығы» пьесасы үшін «Самсунг» компаниясының «Современная драматургия» номинациясының жүлдегері. «Шатыр астындағы Мен» (2008) пьесасы үшін мемлекеттік грант иегері.
2011 жылы Прагада Еуропа қоғамдастығының шешімі бойынша Р. Мұқановаға әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка атындағы медаль тапсырылды. 

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры